×
02.12.2022, 18:49
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада тоғызқұмалақ пен дойбыдан республикалық фестиваль өтті

Елордада тоғызқұмалақ пен дойбыдан республикалық фестиваль өтті

Бүгін елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде тоғызғұмалақ пен 64 жəне 100 шаршыдағы дойбыдан республикалық фестиваль өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Тəуелсіздік күніне орай ұйыстастырылған сайысқа Астанадан бөлек, Жетісу, Қарағанды, Түркістан, Ақмола облысынан əртүрлі жастағы 70-тен астам əуесқой спортшы келді.

Бүгінгі фестивальдің мақсаты – интеллектуалды ойындарды насихаттау.  Ақыл-ойды дамытатын спорт түрлеріне қазақ халқы ежелден ерекше ден қойғанын білеміз. Жыл сайынғы статистикаға сүйенсек, орта мектепті үздік тəмамдайтын Алтын белгі иегерлері арасында дəл осы тоғызқұмалақ, дойбы сынды спортпен шұғылданатындар көп. Осындай іс-шаралар қарапайым əуесқой ойыншылардың шыңдалуына жол ашады. Олардың арасынан да мықты спортшылар шығуы əбден мүмкін, - дейді дойбыдан мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаев.

Тоғызқұмалақтан жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

Ерлер:

І орын – Әлішер Танхаев

ІІ орын – Ерсұлтан Әуелбай

ІІІ орын – Әзілхан Махмұджан

ІІІ орын – Арыстан Манарбекұлы

Әйелдер:

І орын – Ханшайым Абиева

ІІ орын – Аяна Рахметилла

ІІІ орын – Ақжібек Манарбекқызы

ІІІ орын – Жансая Мұрат

Дойбы 64-тен жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Ерлер:

І орын – Қалкен Әбішев

ІІ орын – Бахытбек Жухин

ІІІ орын – Нұрасыл Қаныбек

Әйелдер:

І орын – Сәуле Бақыткерей

ІІ орын – Айым Сапар

ІІІ орын – Айзере Іздаш

Дойбы 100-ден жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Ерлер:

І орын – Айбек Наралиев

ІІ орын – Айболат Базарбек

ІІІ орын – Сержан Исаев

Әйелдер:

І орын – Аяулым Алтынхан

ІІ орын – Алима Қасым

ІІІ орын –Алина Сайлау

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері