×
02.12.2022, 10:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордада жаңажылдық жәрмеңке өтеді

Көрмеде жаңажылдық тағамдардың дәмін татуға болады

 

Елордада жаңажылдық жәрмеңке өтеді
фото: қала әкімінің ресми сайтынан

17-19 желтоқсан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында «Жаңа Жыл Fest»  жаңа жылдық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мерекелік жәрмеңке-көрмеде қонақтар жаңа жылға арналған ерекше сыйлықтарды, кәдесыйларды, ойындарды, қолдан жасалған бұйымдарды, декор заттарын және басқаларын қолжетімді бағамен сатып ала алады. 

Сондай-ақ жаңа жылдық тағамдардың дәмін татуға болады. 

Қонақтар үшін қызықты мастер-класстар, аниматорлармен ойындар және жаңа жылдық мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Іс-шара 17-19 желтоқсан аралығында сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін ЭКСПО орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы 53/1 мекенжайы бойынша үш күн бойы өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері