Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді
Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлады Elorda.info.
2 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген Білім басқармасының хабарламасында.