×
01.12.2022, 16:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада АИТВ жұқтырғандардың 15 пайызы сырттан келгендер

Соңғы 10 айда 305 науқас АИТВ-инфекциясын жұқтырды

Елордада АИТВ жұқтырғандардың 15 пайызы сырттан келгендер
фото: nsaids.kz

Биыл аталмыш инфекция анықталған елордалықтардың 14 пайызы ішкі миграция салдарынан ауру жұқтырып отыр. Бұл туралы Астанадағы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшысы БАҚ өкілдерімен болған баспасөз жиынында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Оқи отырыңыз: Елордада соңғы 10 айда 305 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды

Астанада соңғы 5 жылда ЖИТС салдарынан болатын өлім-жітім 2 есеге қысқарды

Елордада АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша 420 адам жедел тестілеуден өтті

Біз орталықта орналасқан қала болғаннан кейін бізге сырттан келетін адам өте көп. Аурудың таралуына  ішкі және сыртқы миграция өте қатты әсер етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елде халықтың 10 пайызын АИТВ-ға тексеру қажет дейді. Біз қазіргі таңда 25 пайызға дейін тексеріп отырмыз. Яғни 2,5 жарым есе көп. Оның ішінде сырттан келетін адамдар 15-20 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда 14 пайызы ішкі миграция салдарынан ауру жұқтырып отыр. Ал 4 пайызы сырттан келеген азаматтардан анықталды. Биыл 3174 шетелдік тексерілсе, былтыр 1900 шетелдік болды. Былтыр 12 науқастан шықса, биыл 15 науқастан анықталды,- деді Астанадағы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Сәбит Абдраимов.

Сондай-ақ орталықта АИТВ мен өмір сүретін әйелдер жүктілік кезінде және жүктілікке дейін тұрақты әрі дәрігердің жіті бақылауында болады. 1997 жылдан бастап АИТВ жұқтырған әйелдер арасында 274 босану тіркеліп, 184 бала дені сау ретінде есептен шығарылды. Оның ішінде 24 әйел бірнеше рет жүкті болып, дүниеге дені сау бала әкелген. Елордада соңғы бес жылда АИТВ жұқтырған әйел арасында көрсеткіш жақсарған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері