×
01.12.2022, 15:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордалықтар бес жылда МӘМС жүйесіне 157,8 млрд теңге аударған

5 жылда  Астана қаласы бойынша МӘМС жүйесіне 157,8 млрд теңге түскен

Елордалықтар бес жылда МӘМС жүйесіне 157,8 млрд теңге аударған
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы бүгін елордада өткен брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Астана қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, 2017 жылдың шілдесінен биығы қараша айына дейінгі аралықта Астана қаласы бойынша МӘМС жүйесіне 157,8 млрд теңге түскен.

Биылғы қаңтардан қарашаға дейінгі аралықта елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 54,059 млрд теңгеден астам қаражат аударылды. Оның ішінде 30,1 млрд теңге жұмыс берушілердің аударымдары, ал 20,2 млрд теңге - қызметкерлердің өз жарналары. Бірыңғай жиынтық төлем сомасы шамамен 108 млн теңгені құрайды. Жеке кәсіпкерлердің жарналары - 2,05 млрд теңге, дербес төлеушілердің жарналары – 469 млн теңге, азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жарналары 1,03 млрд теңгені құрады, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Астана қалалық филиалының директоры.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері