×
01.12.2022, 13:57
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордалық ломбардтан күзен тонын ұрлап кеткен

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Елордалық ломбардтан күзен тонын ұрлап кеткен
Фото: Ашық дереккөз

Астана тұрғыны ломбардтан күзен тонын ұрлап кеткен, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz жазуынша, осыған қатысты 37 жастағы күдікті ұсталды.

Тергеу барысында күндізгі уақытта ол Сейфуллин көшесіндегі сауда үйінің ломбард бутигінен сырт киімді ұрлап кеткені анықталды. Бутикке кіріп, ол ілулі тұрған тондарды қарастыра бастаған және ломбард бағалаушысының алданып тұрғанын пайдаланып, құнды киімді жасырын ұрлап кеткен, - деп жазылған хабарламада.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ол қала аумағында жасалған ұрлықтың үш фактісі бойынша күдікке ілінді. Ол Астана қаласы Полиция департаментінің  уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері