Жыл сайын қала халқының 25 пайызы АИТВ-ға тексеріледі
Елордадағы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында БАҚ өкілдерімен 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай баспасөз жиыны өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Сәбит Абдраимов өз баяндамасында жыл сайын қала халқының 25 пайызы АИТВ-ға тексерілетінін айтты.
Соңғы 5 жылда ЖИТС салдырынан болатын өлім-жітім 2 есеге дейін қысқарды. Бұл жетістіктің басты нәтижесі - Қазақстанда тегін ұсынылатын және диогназ қойылғаннан кейін бірден басталатын антиретровирустық терапияға қолжетімділіктің артуы болып табылады. Тестілеудің қолжетімділігінің арқасында 83,5 пайызы аурудың 1-2 кезеңінде, яғни алғашқы кезеңінде анықталады. Яғни ауру ерте сатысында анықталып оған дер кезінде антиретровирустық терапияны қолдану нәтижесінде АИТВ-инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтіп, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру ұзақтығын ұзартуға мүмкіндік береді, - деді орталық басшысы.