×
30.11.2022, 12:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық құтқарушылар жолда қалып қойған адамдарды эвакуациялады

32 жолаушысы бар автобус жолда қалып қойған

Елордалық құтқарушылар жолда қалып қойған адамдарды эвакуациялады
Фото: ашық дереккөзден

30 қарашада таңертең Астана-Көкшетау автожолында жолаушылар мінген автобус көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы ТЖД бөлімшелері дереу көмекке барды. Дизель отынының қатып, салдарынан 32 жолаушысы бар автобус жолда қалып қойған.

Құтқарушылар шұғыл Ақмола облысына аттанған. Онда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді. Астанадан 10 км жерде жолда қалып қойған Тәжікстан азаматтарын эвакуациялады. Құтқарушылар азаматтарды эвакуациялау бойынша құтқару жұмыстарын сәтті өткізді. Құтқарылғандардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері