×
30.11.2022, 10:36
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Асқар Забикулиннің әріптестеріне психологиялық көмек көрсетіліп жатыр

«Қаһарман» тұрғын үйіндегі өртті сөндіру жұмыстарын жүргізген 10 өрт сөндіруші-құтқарушы ТЖМ Психологиялық даярлық орталығында психологиялық оңалтудан өтіп жатыр

Асқар Забикулиннің әріптестеріне психологиялық көмек көрсетіліп жатыр
Фото: ТЖМ

Өрт сөндіру кезінде көз жұмған астаналық Асқар Забикулинмен бірге оқиға орнында жұмыс істеген құтқарушылар психологиялық оңалтудан өтуде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

«Қаһарман» тұрғын үйіндегі өртті сөндіру жұмыстарын жүргізген 10 өрт сөндіруші-құтқарушы ТЖМ Психологиялық даярлық орталығында психологиялық оңалтудан өтіп жатыр. Мақсат – қызметтесінен айрылған құтқарушыларды күйзелістен оңалту, сондай-ақ оларды психологиялық қорғау мақсатында мамандандырылған психотерапиялық көмек көрсету. Бұл психологиялық қысымды жоюға және қауіпті әрі жауапты маман иелерінің алдына қойылған міндеттерін орындауына психологиялық-эмоционалды жай-күйін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Психологиялық даярлық орталығы 2021 жылы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бастамасымен ТЖМ қызметкерлерінің психологиялық даярлық деңгейін жетілдіру және арттыру мақсатында құрылған. Орталықтың бірегейлігі – қызметкерлерді психологиялық даярлау жүйесіне инновациялық көзқарас, жаңа қолданбалы технологияларды пайдалану, атап айтқанда жедел профайлинг, нейрофизиология және когнитивтік психология саласындағы бірегей әзірлемелер, сондай-ақ орталықтың тәжірибелі психологтері жинақтаған экстремалды психология саласындағы практикалық әдістер.

Арнайы жабдықты қолданумен 5-7 күн бойы өтетін психотерапиялық сессиялар төзімділік жаттығуларын, реакциялардың жылдамдығын, ойлаудың жеделдігін және психо-эмоционалды тұрақтылықты жаттықтыруға бағытталған.

Екінші кезеңде құтқарушылардың отбасы мүшелері психотерапиялық сеанстардан өтеді.

Орталықтың функцияларына кадрлық әлеуетті дайындау және анықтау, қызметкерлердің ресурстарын тану кіреді. Орталық жұмыс істеген уақыт ішінде 700-ден астам қызметкермен жұмыс жүргізіліп, 30-дан астам тренинг өткізілген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері