×
30.11.2022, 10:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сарыарқа ауданында күніне 20-ға жуық жабық аялдама кешені тазаланады

Сарыарқа ауданы бойынша барлығы 41 жабық аялдама кешеніне қызмет көрсетіледі

Сарыарқа ауданында күніне 20-ға жуық жабық аялдама кешені тазаланады
Фото: ашық дереккөзден

«Сарыарқа» ауданында жабық үлгідегі 56 аялдама кешені орнатылған. Тиісті санитарлық күтім үшін екі ауысымда аялдамаларды қоқыс пен кірден тазартатын бригадалар жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info.

Сарыарқа ауданы бойынша барлығы 41 жабық аялдама кешеніне қызмет көрсетеміз. Екі ауысымда, яғни күндіз де, түнде де тазалаймыз. Негізінен, жолаушыларға кедергі келтірмеу үшін және таңертең қала тұрғындары автобустарын таза жерде күтү ішін түнде тазалаймыз, - дейді мердігер ұйымның қызметкері Омар Оразбаев.

Бригада қызметкерлерінің айтуынша, күн сайын 20-ға жуық кешен тазаланады. Санитарлық тазалау екі кезеңге бөлінген: механикаландырылған тазалау (қоқысты шығару, сыпыру) және дымқыл тазалау (барлық беттерді сумен өңдеу).

Жақында биыл орнатылған тағы 10 жаңа кешенді іске қосамыз. Бұл аялдамалар әлі электрмен қамтамасыз етілмеген, бірақ олардың барлығы бойынша коммуникацияларға қосылу жұмыстары жүргізілуде. Қызмет көрсететін аялдамалар санының артуы тазалау сапасына әсер етпейді. Аялдамаларды санитарлық тазарту кесте бойынша, сондай-ақ тұрғындар сұраныстары негізінде жүзеге асырылады, - деді Сарыарқа аудандық әкімдігі инфрақұрылым және перспективалық даму бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділжан Сағындықов.

Айта кетейік, аялдамалардың жағдайына қатыстыты шағымдар болса, тұрғындар iKomek-ке, «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік желілеріне хабарласып, «Сарыарқа ауданы» телеграм-чатына жаза алады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері