×
30.11.2022, 08:53
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Көктал-1-ге газ беру толығымен қалпына келтірілді

Газ құбырын жөндеу кезінде «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты жанынан құрылған штаб 50 абонентке көмір тасымалдауды ұйымдастырды

Көктал-1-ге газ беру толығымен қалпына келтірілді

Көктал-1 тұрғын алабының барлық абоненттеріне газ беру толық қалпына келтірілді, деп хабарлады Elorda.info.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ авариялық бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Барлық үш газ реттегіш пункт шкафтары штаттық режимде жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, «Көктал-1» тұрғын алабының абоненттері үшін газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та «ГАЗОВИК» ЖШС инжинирингтік компаниясының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізуіне байланысты орташа қысымды газ құбыры зақымданғаннан кейін тоқтатылды.

Газ құбырын жөндеу кезінде «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты жанынан құрылған штаб 50 абонентке көмір тасымалдауды ұйымдастырды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері