Elorda.info

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған өнертапқыштар байқауы өтті

Үш күнге созылған іс-шараға 10 команда қатысты

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған өнертапқыштар байқауы өтті

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін қолайлы етуге бағытталған өнертапқыштар байқауы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Үш күнге созылған іс-шараға 10 команда қатысты, оның ішінде студенттер, оқушылар және мұғалімдер мен мүгедектер де бар. Олар зағип жандарға арналған қашықтықтағы кедергілерді, сигнал беру арқылы анықтайтын құрылғы, жүгіруге мүмкіндік беретін тізеден жоғары аяқ протезі, шанадағы хоккей жабдықтары сынды өнертабыстар ұсынды. Қатысушылардың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға бейімдеуге және олардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары