Elorda.info

Елордада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

Дүбірлі додаға әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350 балуан қатысады

Елордада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

12-14 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Дүбірлі додаға әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350 балуан қатысады.

Әлемдік додада ұлттық құраманың өкілдері, «Дала Қыраны» титулының иегерлері ел намысын қорғайды. Олар: Бекжан Төлепов (55 кг.), Марат Нигматуллаев (60 кг.), Нұр Аманшүкіров (66 кг.), Жұмажан Қожамбеков (74 кг.), Айдын Дартаев (82 кг.), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг.), Мұхит Тұрсынов (100 кг.) және Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг.).

Атап өтейік, бұл – 3 жас мөлшерін (ересектер, жастар және жасөспірімдер) қамтыған алғашқы әлем чемпионаты.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары