×
29.11.2022, 10:08
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордадан 300 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді

Елордадан 300 мың текше метрге жуық қар шығарылды
фото: қала әкімдігінің ресми сайтынан

Соңғы күндері елордада жауын-шашын көп жауды. Қар түскелі бері қаладан 22,5 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дүйсенбі, 28 қарашада елордада қар тазалау жұмыстарына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

27-28 қарашаға қараған түні қаладан шамамен 16 мың текше метр қар немесе 1297 жүк көлігі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына барлығы 300 мың текше метр қар шығарылды, бұл 22,5 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері