Elorda.info

Елордада «Мың бала» республикалық жобасына қатысушылар марапатталды

Биыл 1 мыңға жуық бала қатысты

Елордада «Мың бала» республикалық жобасына қатысушылар марапатталды

Астанада «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасына қатысушылар марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Шара ұйымдастырушылары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Мың бала» жобасының мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын, әртүрлі этникалық топтардың жастарын мемлекеттік тілді оқытуда қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға үлес қосу. Мемлекет басшысы атап өткендей, қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді, аталған салада айтарлықтай нәтижелер бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылым, мәдениет пен іс жүргізу тіліне айналып отыр. Осы орайда»Ел бірлігі«акциясы аясында Ассамблея жастары «Тік-Ток housе» жобасына белсенді қатысып жатыр, - деді Ақпарат және қоғамдық даму министр Дархан Қыдырәлі.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы 2015 жылдан бері іске асырылып келеді. 2015 – 2022 жылдар аралығында жоба аясында барлығы 107 054 іс-шара ұйымдастырылды. Биыл 1 мыңға жуық бала қатысты. Олардың 43-і жеңімпаз атанып, әртүрлі номинация бойынша марапатқа ие болды.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары