Elorda.info

Елордада 100 сарбаз әскери ант берді

Салтанатты рәсім «Отан қорғаушылар» алаңында өтті

Елордада 100 сарбаз әскери ант берді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің 100 сарбазы әскери ант берді, деп хабарлады Elorda.info.

Жас жауынгерлер еліміздің әр облысынан іріктелген. Салтанатты рәсім «Отан қорғаушылар» алаңында өтті. Жиынға мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері мен ата-аналар да қатысты. Іс-шара барысында Президент оркестрі өнер көрсетіп, арнайы бөлімше жауынгерлері қоян-қолтық ұрыстан көрініс ұсынды. Ал жауынгерлер өз кезегінде салтанатты маршпен жүріп өтті.

Біздің ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне іріктеу өте жоғарғы деңгейде өткізіледі. Мысалы олардың бойлары 185 см-ден кем емес болу керек және де денсаулықтарына өте жоғары көңіл бөлінеді. Сондай-ақ физикалық тұрғыдан шыныққан жақсы балаларды аламыз. Енді алдағы уақытта осы сарбаздарымыз қызметтеріне адал және қызмететтерін абыроймен атқарады деген сенімдеміз, - деді 0112 әскери бөлімі басқарма бастығының орынбасары Александр Шуликин.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары