Elorda.info

Елордалық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай таратты

Игі акция қыстың соңына дейін жалғасады

Елордалық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай таратты

Қатты аяз бен қалың қарға қарамастан астаналық волонтерлар қаламыздың көшелері мен аялдамаларында тегін шай таратуға шықты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

«Астана жастары» еріктілері қаладағы «Шапағат» сауда үйі жанында жиналды. 10-ға жуық волонтерлер қала көшелерін тазалап жүрген жұмысшыларға, аялдамада қоғамдық көлікті күтіп тұрған жолаушылар мен далада сауда жасап тұрған адамдарға ыстық шай ұсынды. 

Еріктілерімізге, жастарымызға қамқорлығы үшін алғыс білдіремін. Дала аяз, мұндай акциялар тонып жүрген кезде жанға жылу береді. Жастар мені қатты қуантты, рақмет, – деді елорда тұрғыны Сайран Тұрбекова.

Айта кетейік, игі акция қыстың соңына дейін жалғасады.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары