×
25.11.2022, 17:36
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Ертегі» балабақшасының 55 жылдық мерейтойы тойланды

Мерекелік концертте бүлдіршіндер ән айтып, би биледі

«Ертегі» балабақшасының 55 жылдық мерейтойы тойланды
Фото: Білім басқармасынан

Бүгін, №35 «Ертегі» балабақшасы 55 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Салтанатты шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы, Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Тәукеұлы және қонақтар мен ардагер ұстаздар қатысты.

Мерекелік кеште Қасымхан Сенғазыұлы балабақша ұжымын 55 жылдық мерейтойымен құттықтап, меңгерушісі Ләззат Ғалымжанқызына қала әкімі Алтай Сейдірұлының атынан алғыс хат табыстады.

Кеш соңы мерекелік концертке ұласып, бүлдіршіндер ән айтып, би биледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері