×
25.11.2022, 10:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

Елордалық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынады

Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 26 және 27 қарашада жәрмеңке өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық тауар өндірушілер мынадай тауар түрлерін ұсынады: ет және шұжық өнімдері, ұн мен макарон өнімдерінің әртүрлі түрлері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрі: көкөністер, нан өнімдері, жарма, жұмыртқа, күнбағыс және май, сүт өнімдері, қант және т.б.

Жәрмеңке Т.Жүргенов, 29 мекенжайында өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін бара алады. Барлық өнім нарықтан 10-15% төмен бағада сатылатын болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері