×
24.11.2022, 19:38
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елорда экономикасы үшін жеке инвестициялар тартудың маңызы зор – қала әкімі

10 айда қала экономикасына 1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылды

Елорда экономикасы үшін жеке инвестициялар тартудың маңызы зор  – қала әкімі
Фото: қала әкімінің жеке парақшасынан

Елорда экономикасы үшін жеке инвестициялар тартудың маңызы зор. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Бірінші кезекте қала мен тұрғындарға қажет жобалар қарастырылып жатыр. Осы жылдың 10 айында қала экономикасына 1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Ал 2021-2022 жылдары – 2 триллион 300 млрд теңгеден астам.

Канаданың сенаторлары Жан-Ги Джэнэмен, Виктором Оумен, ҚР-дағы Канада Елшілігінің бірінші хатшысы Кэролл Паррмен өткен кездесуде Астана мен Торонто арасында әріптестік қарым-қатынас орнату; білім беру, туризм, экономика, мәдениет және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сол сияқты Канада кәсіпкерлерімен елордада сұйытылған газ өндіру зауыты секілді өзге де кәсіпорындар ашу мәселесі талқыланды.

Екі ел арасындағы бірлескен ынтымақтастық өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға, жаңа кәсіпорындар ашуға, жұмыс орындарын құруға, инвестициялар тартуға және т.б. мүмкіндік береді, - деді Алтай Көлгінов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері