×
24.11.2022, 11:19
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сенат депутаттығына Астанадан Ерлан Сыдықов ұсынылды

Бұл ұсынысты Ақ жол партиясының өкілдері де қолдап, мәслихат депутаттары сенаторлыққа Ерлан Сыдықовты лайық деп тапты

Сенат депутаттығына Астанадан Ерлан Сыдықов ұсынылды

Бүгін Астана қалалық мәслихатының отырысында Сенат депутаттығына кандидат ретінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов ұсынылды, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың 31 қазанында 2022 жылдың 22 желтоқсанына шақырылғандардың орнына Астана қаласынан ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау туралы қаулы жарияланды. Бекітілген күнтізбеге сәйкес, кандидаттарды ұсыну осы жылдың 1-25 қараша аралығында жүргізіледі. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 71-бабына сәйкес, кандидатура мәслихаттың сессияларында және өзін-өзі ұсыну тәртібімен өткізіледі, - деді қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.

Осыдан кейін Amanat партиясы атынан мәслихат депутаты болып сайланған Азамат Айтхожин сөз алып, Сенат депутаттығына Ерлан Сыдықовты ұсынды.

Бүгін біз фракция отырысында бірауыздан Ерлан Сыдықовты ұсынамыз деп шештік. Ерлан Батташұлын бәріміз білеміз. Ол - ғылым докторы, профессор, академик. Сенат депутаты болып сайланса, елімізге зор пайда әкелетіндігі сөзсіз», - деді ол.

Бұл ұсынысты “Ақ жол” партиясының өкілдері де қолдап, мәслихат депутаттары сенаторлыққа Ерлан Сыдықовты лайық деп тапты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері