×
23.11.2022, 19:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда әуежайын дамыту мәселесі талқыланды

Қазіргі уақытта әуежайды дамыту бойынша мастер-жоспар тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Елорда әуежайын дамыту мәселесі талқыланды
Фото: Александр Куприенко

Қала әкімі Алтай Көлгінов Астана халықаралық әуежайының басшылығымен және IATA өкілдерімен елорда әуежайын дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

Қала тұрғындарының саны өсіп келе жатқанын ескере отырып, Астана халықаралық әуежайының басшылығымен және IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) өкілдерімен әуежайды ары қарай дамыту мәселесін талқыладық.

Қазіргі уақытта авиатасымал көлемінің артқанын ескере келе әуежайды дамыту бойынша мастер-жоспар тұжырымдамасын әзірлеу жүріп жатыр. Мастер-жоспар өз кезегінде қосымша ұшу-қону жолағын, перрон, терминалдар, ангар және т.б. салу мәселелерін де қамтиды.

Сол сияқты «Астана бас жоспары» және қала әкімдігінің басқармалары 2035 жылға дейін Астананың Бас жоспарының жобасын әзірлеу бойынша тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Онда маңызды бағыттар: қаланы дамыту, тұрғындар саны, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық нысандар) салу, көлік инфрақұрылымын перспективалық дамыту, нысандарды бұзу, қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар) салу, көгалдандыру және т.б. қарастырылған, – деп жазды А.Көлгінов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері