×
23.11.2022, 12:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Оған 50-ден астам жұмыс беруші қатысады

Елордада жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Фото: Сұлтан Сейітов

Астанада 24 қараша күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін бос жұмыс орындарына арналған жалпықалалық жәрмеңке өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке елордада жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында үнемі өткізіліп тұрады. Оған 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК Республика даңғылы, 34 мекенжайында өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері