Қазір елде халал тауар шығаратын 1300-дей кәсіпкер бар
Көрмеге 80-нен аса кәсіпкер ұсынған тауарлар ұсынылды, деп хабарлады Elorda.info.
Сөреге азық-түліктен бөлек, косметика мен гигиеналық заттар да шығарылған. Екінші рет ұйымдастырылып отырған көрмеде биыл Қырғыстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің өкілдері қатысты. Тауарлардың құны нарықтағы бағадан біршама төмен. Шараға жиналғандардың айтуынша, қазір халал өнімдердің басым бөлігі мұсылман елдерінде өндірілмейді. Сол үшін бұл бағыттағы отандық өндірісті өркендету маңызды. Қазір елде халал тауар шығаратын 1300-дей кәсіпкер бар. Олардың 50-ге жуығы өнімдерін шетелге экспорттайды.