×
04.10.2022, 15:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді

Көрме-байқау «ЕХРО» халықаралық көрме орталығында өтеді

Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Көрмеге 2022 жылғы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауларда жеңіске жеткен 153 компанияның тауарлары ұсынылатын болады. Байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша  өтеді. 

Астананың тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда жасалған тауарларды көріп, сатып ала алады. Республикалық көрмеге елдің түкпір-түкпірінен келген тауарлардың барлығы өндіруші ұсынған бағада сатылады. Көрмеде өндірушілер ұсынған сыйлықтар ұтысы өтіп, флористика және киіз басудан шеберлік сабақтары ұйымдастырылады, – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП сарапшылары.

 Көрме аясында кәсіпкерлер іскерлік байланыстарды нығайтып, пікір алмасып, В2В келіссөздерін жүргізе алады. 

 Көрме-байқау 2022 жылдың 8 қазанында Мәңгілік ел даңғылы, 53/1, «ЕХРО» халықаралық көрме орталығында өтеді.

 Көрме сағат 10:00-18:00 аралағында жұмыс істейді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері