×
01.10.2022, 18:48
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Астанада алғаш рет Юрий Никулин атындағы цирк толық құрамда өнер көрсетті

Оған елордалықтар мен қала қонақтары келді

Астанада алғаш рет Юрий  Никулин атындағы цирк толық құрамда өнер көрсетті
Фото: Сұлтан Сейтов

Елордада циркінде алғаш рет аты аңызға айналған Юрий Никулин атындағы цирк толық құрамда өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Нмкулиннің аңызға айналған циркін елорда тұрғындары мен қонақтары және балалар тамашалады.

Қызыма цирк бала күнінен ұнайды. Сондықтан циркке жиі келіп тұрамыз. Цирк өте қызықты болды. Бұл цирктің жануарлары да ерекше. Одардың көрсеткен қимылдары да бізге ұнады, - деп өз әсерімен елорда тұрғыны Сәния Байжігіт бөлісті.

Әлемдік цирк кеңістігінде  өзіндік қолтаңбасы бар атақты цирк ұжымының гастрольдік сапары Балалар жылы аясында 1-23 қазан аралығында өтеді. Никулин циркі көрермен назарына виртуоз гимнасшылар, әуе гимнасшылары мен  жонглерлер, акробат-эксцентриктер мен  эквилибристер, көпшілік сүйетін сайқымазақтардың таңғажайып бағдарламаларын ұсынады.

Бұл бағдарлама Юрий Никулиннің 100 жылдығына арналған, үздік артистер шоғырланған теңдесі жоқ бағдарлама. Ю.Никулин циркі 1-ші қазан күнгі бағдарламасын халықаралық қарттар күніне орай қарттар үйінен, балалар үйінен және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан келген көрермендерге арнайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері