×
01.10.2022, 10:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін

Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Фото: Ашық дереккөз

Бүгін елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

1 қазан күні сағат 10.00-ден бастап күндізгі 12.00-ге дейін терроризмге қарсы астаналық оперштаб оқу орталығының аумағында (АН64 айналма жолы, көлік базарының ар жағында) құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Вираж-2022» атты оқу-жаттығу өткізеді.

Оқу-жаттығудың мақсаты - терроризмге қарсы күш-құралдардың дайындығын тексеру және төтенше жағдай кезінде бірлескен тактикалық іс-қимыл барысында тиісті күштердің өзара әрекет ету тиімділігін арттыру.

Шара кәдімгі қарулы қақтығысқа барынша жақындатылған, әртүрлі күрделі элементтерден тұрады.

Сондықтан көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл тыйымдар атап айтқанда АН64 айналма жолына қатысты. Қалада әскери техника бой көрсетеді.

Осыған байланысты азаматтардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, сақтық шараларын қатаң сақтауын, меморган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауын және тек қана ресми ақпарат көзіне сеніп, ел арасында жалған хабар таратпауын сұраймыз, деп ескертті оперштаб.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері