×
30.09.2022, 16:59
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада Мұғалімдер күні қалай атап өтіледі

Биыл мереке 2 қазанға сәйкес келеді

Астанада Мұғалімдер күні қалай атап өтіледі
Фото: қалалық әкімдіктен

Ұстаздар күніне орай 4 қазан күні Астанада қала педагогтарына арналған мерекелік концерт өтеді. Бұл туралы әкімдікте өткен брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Мерекелік концертке білім беру ұйымдарының қызметкерлері, мұғалімдер, педагог-ардагерлер, қоғам қайраткерлері, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, ата-аналар бірлестіктері, БАҚ қатысады деп жоспарлануда. Оқушылары халықаралық, республикалық, қалалық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың жеңімпазы атанған және шығармашылық, спорттық жарыстарда үздік деп танылған мұғалімдер марапатталады. Аталған педагогтар «Ы. Алтынсарин» және «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталады, - деді С.Әділбаев.

Мерекелік концерт барысында «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарына – Алле Король (Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі), Алма Нұрекенова (№2 мг), Лаура Шоразова (№26 ОМ) және Гүлшара Дүйсенова (№82 лицей) Білім басқармасының дипломдары мен ақшалай сертификаттар табыс етіледі.

Кеш бағдарламасы «Бәрі бала кезден басталады», «Ұлт мұғалімі», «Мұғалім болу – мәртебе», «Сенің дағдыларың – сенің болашағың» бөлімдеріне бөлініп, мұғалімнің манифестімен аяқталады. Концертте мұғалімдердің өмірінен түсірілген бейнеролик көрсетіліп, эстрада жұлдыздары ән шырқайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері