×
28.09.2022, 11:12
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада үш автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Екі автобус А-105 көшесі арқылы жүреді

Елордада үш автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Фото: Elorda Aqparat

Бүгіннен бастап №43, 71 бағдарларының «Отау» шағын ауданындағы қозғалыс сызбасы ішінара өзгереді, деп хабарлады Elorda.info.

Енді бағдарлар А-105 көшесі арқылы жүретін болады.

Сондай-ақ, көліктік қызметті жақсарту мақсатында «Отау» шағын ауданына № 80 бағдар қызмет көрсететін болады. Осылайша, осы бағытта қатынайтын бағдарлардағы жүктемені азайтуда оң септігін тигізеді.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері