×
26.09.2022, 12:38
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада үш жылда 34 мектеп салынды

Биыл 11 мектеп салынып жатыр

Астанада үш жылда 34 мектеп салынды
Фото: Александр Куприенко

Биыл бас қалада 11 мектеп салынып жатыр. Қыркүйек айында оның екеуі пайдалануға берілді, деп хабарлады Elorda.info. 

Аталған оқу орындары қосымша 23 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүкіндік береді.

Сонымен қатар, әрқайсысы 4 мың оқушыға арналған (2 ауысымда) тағы 20 мектептің құрылысы жобалануда. Бұл мектептердің құрылысы 2023-2024 жылдары басталады.

Сондай-ақ, елордада мектеп салу үшін 72 жер телімі белгіленді. Бұл жер учаскелерінің аумағы 120 мың оқушы орнына (екі ауысымда 240 мың оқушы орны) арналған оқу орындарын салуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 3 жылдың ішінде елордада 70 мың оқушыға арналған 34 мектеп салынды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері