×
26.09.2022, 12:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алтай Көлгінов «Нұр бесік» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

Кездесуде тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді

Алтай Көлгінов «Нұр бесік» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті
Фото: Александр Куприенко

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Нұр бесік» шағын ауданының тұрғындарымен ауданның одан әрі дамуын талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

Қала тұрғындары әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, медициналық орталықтар) құрылысы, кәріз, үй құжаттарын рәсімдеу, қосымша автобустарды іске қосу, жылы аялдамалар орнату, аулаларды, тротуарларды абаттандыру, интернет өткізу секілді өзге де мәселелерді көтерді.

Осыған дейін «Нұр бесік» шағын ауданының тұрғындары маңызды проблемаларды қозғаған, қазір басым бөлігі шешілді. Мәселен шағын ауданда бірінші кезекте ауыз су, кәріз, жарықтандыру, газдандыру, жол және т.б. мәселелер шешілуі тиіс болатын.

Шағын ауданда сумен жабдықтау желілері (ауыз су жүргізу мәселесін шешті), электрмен жабдықтау, тұрмыстық және нөсер кәрізі, газ тарату желілері салынды. Мұндағы үйлердің жартысынан көбі көгілдір отынға көшірілді, көшелерді жарықтандыру жүргізілді, 14 көшенің 13-і асфальтталды, аулалар абаттандырылды, аялдамалар орнатылды және т.б.

Қала тұрғындарының проблемаларын ескере отырып, аталмыш шағын ауданда мектеп салу, қоғамдық орындарды абаттандыру мәселелері жоспарға енгізілді, ал балабақша бойынша инвесторлар тартамыз. Сол сияқты медициналық орталықтар саламыз (қала тұрғындары тығыз орналасқан Сарыарқа ауданында), интернет өткіземіз және т.б. Бұл жолғы кездесуде де қозғалған проблемаларды шешу мәселесін қолға алдық, оны орындау кестесін жасаймыз, – деп жазды А.Көлгінов.

Елді мекендерді дамыту мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері