×
26.09.2022, 13:01
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада мүмкіндігі шектеулі балалар арасында жарыс өтті

Барлығы 3 шақырымды оңай еңсерді

Елордада мүмкіндігі шектеулі балалар арасында жарыс өтті

Астанада мобильді топ өкілдері қатысқан марафон өтті. Мұндай спорттық шара елордада алғаш рет өткізіліп отыр, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараның мақсаты – қимыл-қозғалыстағы белсенділігі төмен топтардың өкілдерін қолдау, сондай-ақ оларды бейімді спорт түрлерінен жеңіске жетуге ынталандыру.

«Елорда тұрғындарының бастамашыл топтарын қолдау» әлеуметтік жобасы аясында Астана қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры ұйымдастырған марафонға бастамашыл топтар, азаматтық сектор, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, спортшылар және басқалары қатысты.

Жарысқа ерекше балалар қатысты. Қатысушыларға олардың спорттық кумирлері көмектесті. Олар бірлесіп үш шақырымдық қашықтықты жүріп өтті. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыға медальдар, грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы жарысты бірінші рет өткізіп отырмыз. Бізге танымал спортшылар қолдау білдіріп келді. Балаларымыз оларға қарап ширайды, күш алады деп үміттенеміз. Жарысқа қатысушылардың көбісі – арбаға таңылғандар. 20 баланы түрлі дәрежедегі спорт шеберлері, танымал чемпиондар қолдай келген. Олар жарыс алдында қобалжымау үшін не істеу керегін біледі. Жас марафоншыларға да соны үйретті. Нәтижесінде барлығы 3 шақырымды оңай еңсерді. Ата-аналар да дән риза,- дейді «Бақытты шаңырақ ҚҚ» бөлім басшысы Салтанат Рақышева.

Ерекше марафонға қатысқан балалардың көңіл-күйі керемет. Қозғалуы қиын болса да, бәрі де қатарынан қалмауға тырысты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері