×
22.09.2022, 15:53
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін елордада Қазақстан-Беларусь футбол матчы үшін арнайы автобустар жүреді

Матч сағат 20:00-де басталып, 22:00-де аяқталады

Бүгін елордада Қазақстан-Беларусь футбол матчы үшін арнайы автобустар жүреді
Фото: Elorda Aqparat

22 қыркүйекте «Қазақстан» мен «Беларусь» құрамаларының футбол матчына арнайы Shuttle-Bus бағдарлары (№№801-804) ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info.

Матч сағат 20:00-де басталып, 22:00-де аяқталады. Кездесу «Астана Арена» стадионында өтеді.

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін бағдарлар қаланың келесі 4 нүктесінен ұйымдастырылады (көрермендерді жеткізу және қайта жеткізу):

- «Бал бала» б/б аялдамасы (№ 167 к-сі.)

- «Көктем» СҮ (Бөгенбай батыр даңғылы, 34);

- «Аружан» СОО (Жансүгіров к-сі, 8/1);

- «Строймарт» Г/М (Қошқарбаев даңғылы-Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысы).

Бағдарлардың шығу уақыты – сағат 18:00-де, - делінген CTS хабарламасында.

Бағдарлардың жүру сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сонымен қатар футбол матчы аяқталғаннан кейін қосымша қалалық және қала маңына қатынайтын № 10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60 және 303  бағдарлар қызметі ұйымдастырылады.

Жолаушыларды отырғызу және түсіру «Астана-Арена» стадионында жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, жол жүру құны – 90 теңге.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері