×
22.09.2022, 11:32
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордада таза ауада тегін жаттығу сабақтары өткізіледі

AulaFit бағдарламасының пилоттық жобасы 2020 жылдың мамыр айынан бастап іске қосылды

Елордада таза ауада тегін жаттығу сабақтары өткізіледі

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен елордада AulaFit жобасы бастау алды, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған орай жоба аясында 22 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін «Алматы» ауданына қарасты Қошқарбаев көшесі 80 тұрғын үй аланыңда аула тұрғындары арасында таза ауада тегін жаттығу сабақтарын өткізеді.

Бұл жоба биыл қыркүйек айында елорданың 4 ауданындағы тұрғын үйлердің аулаларында басталған болатын.

AulaFit бағдарламасының пилоттық жобасы 2020 жылдың мамыр айынан бастап құрылып, іске қосылды. Қаламыздағы «Манхэттен-2», «Олимп Палас-2», «Азат-2» тұрғын үй кешендерінің аулаларында AulaFit бағдарламасы өз жұмысын жүзеге асырды. Жазғы кезеңде дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтар аптасына 5 сағат, қысқы кезеңде - 3 сағат өткізілді. Жобаға білікті жаттықтырушылар қатысты. Жоба қатысушыларына футбол, шахмат, стрит воркаут, баскетбол, балалар фитнесі бойынша барлық аулада тегін жаттығулар өткізілді. Бұл жобаның мақсаты қаланың шет аймақтарындағы тұрғындарды спортпен айналысуына жағдай жасау. Тұрғын үй кешендерінің тұрғындары өз аулаларында, тәжірибелі жаттықтырушылардың басшылығымен тегін негізде айналыса алады. Аға буын, жастар мен балалар күн сайын спортпен шұғылданады. Болашақ Олимпиада чемпиондары осындай аулалардан шығады, – дейді қалалық Спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Астана қаласының 10 ауласында яғни, елорданың «Алматы», «Есіл», «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандарындағы аулаларда пилоттық жоба шеңберінде жаттығу сабақтары өтуде. Бағдарлама аясында футбол, баскетбол, волейбол сияқты командалық ойындар бойынша және жалпы физикалық дайындық жаттығулар жүргізеді. Білікті бапкерлердің сабағын таңғы және кешкі уақыттарда ( 08:00-ден 10:00-ге және 17:00-ден 20:00-ге дейін) тегін негізде таза ауада алуға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері