×
20.08.2022, 16:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Астана жастары» орталығы NEET санатындағы елордалық жастармен жұмыс жүргізіп жатыр

Жастарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған «Үздік» жобасы аясында волонтерлер «Евразия», «Сауран» СО және Барыс Аренада мемлекеттік бағдарламалар мен гранттарға қатысу шарттарын жария етті, деп хабарлады Еlorda.info.

«Астана жастары» орталығы NEET санатындағы елордалық жастармен жұмыс жүргізіп жатыр
Фото: Elorda.info

«Астана Жастары» NEET санатындағы елордалық жастармен жұмыс жүргізіп жатыр.

Бүгінгі күні ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізілетін орындарда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары мен жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпараттық буклеттер таратты. Осы «Үздік» жобасы аясында 18 базарда тиісті іс-шаралар өткізіліп, 4,5 мыңға жуық ақпараттық буклет таратылды.

Көбі бұл бағдарлама туралы білмейді, сондықтан біз адамдар көп болатын жерлерге баруды шештік. Біз жұмысы жоқ және еш жерде оқымайтын адамдарға қызығушылық танытамыз, - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аймақ Әлфараби.

«Астана жастары» орталығының жетекшісінің айтуынша, ақпараттық буклеттерді таратудың мақсаты - елорда тұрғындарын 14-29 жас аралығындағы жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардар ету. Атап айтқанда, бұл тұрғын үй, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша бағдарламалар, сондай-ақ, бизнес идеяларға арналған гранттар.

Бүгін жәрмеңкеде мен үйге қажетті барлық азық-түлік пен тауарларды сатып алдым. Осы кезде қолдарына буклеттер ұстаған еріктілерді кездестірдім, олар жастарға арналған «Үздік» бағдарламасы туралы түсіндірді. Өзім зейнеткермін. Бірақ менің балаларым бар, ұлдарымның бірінде жұмысқа орналасуда қиындықтар бар, ұйым қызметкерлері осы жоба туралы қосымша ақпаратты егжей-тегжейлі айтып берді. Біздің қаламызда тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелерін шешу үшін жастарға көңіл бөлінетіні мені қуантты, - деді елорда тұрғыны Күләш Смайылова.

Сондай-ақ тағы бір астаналық тұрғын Тахмина Нұрымова бұл бағдарламамен бұрыннан таныс екенін айтты.

Мен жәрмеңкеге қолжетімді бағамен көкөністер мен жемістер сатып алуға келдім. Бүгін жәрмеңке аумағында таратылған буклеттерге келетін болсақ, мен бұл бағдарламамен екінші рет таныстым және ол туралы таныстарыма кеңес бердім, бұл көптеген адам үшін өте пайдалы, - деді ол.

Алдағы уақытта еріктілер дәл осындай іс-шараны құрылыс нысандарында ұйымдастыруды жоспарлап отыр екен.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері