×
16.08.2022, 12:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мұхтар Әуезов көшесі уақытша жабылды

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мұхтар Әуезов көшесіндегі жол төсемін жөндеуді бастады, деп хабарлады Elorda.info

Мұхтар Әуезов көшесі уақытша жабылды

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 16-20 тамыз аралығында Бөгенбай батыр даңғылынан Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері