×
16.08.2022, 10:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Нұр-Сұлтанда № 15, 15А, 35, 43, 46, 54, 70 автобустарының қозғалыс бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Мәңгілік ел даңғылы бойымен Керей, Жәнібек хандар көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты № 15, 15А, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарларының қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді. Өз бағдарларыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, - делінген CTS хабарламасында.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері