×
14.08.2022, 13:18
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жәрмеңкеде негізінен жергілікті кәсіпкерлер мен өңірлік тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылуда, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Елді мекендерден жеткізілетін өнімдер нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сатылуда. Жергілікті кәсіпкерлер мен өңірлік өндіруші өкілдері ұсынған ет, сүт және көкөніс өнімдері сатылатын іс-шараға елордалықтар көп жиналған.

Жәрмеңкеде барлық заттар қолжетімді бағамен сатылуда. Бағалары базарға қарағанда төмендеу екен. Бұл халық үшін өте тиімді. Осындай жәрмеңке үнемі өткізіліп тұрса, - дейді қала тұрғыны Іңкәр Жанаева.

Демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналды. Тұрғындар апта сайынғы іс-шараларда қажетті азық-түлік өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие.

Бүгінгі жәрмеңкеде мен өте қолайлы бағамен жеміс-жидек пен көкөніс заттарын алдым. Мұнда барлық өнімдердің үлкен ассортименті болғаны халыққа ыңғайлы" - дейді қала тұрғыны Ғабит Жексембай.

Айта кетейік, жәрмеңке апта сайын сенбі және жексенбі күндері  «Астана Арена» стадионының тұрақ аймағында өткізіліп тұрады. Ал аймақтық жәрмеңке тамыз айының 27 жұлдызынан бастап ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері