Elorda.info

Биыл 16 мыңнан астам бала материалдық көмекпен қамтылады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев  айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл 16 мыңнан астам бала материалдық көмекпен қамтылады

Дәстүрлі «Жалпыға міндетті білім беру» бағдарламасы аясында оқушылардың мектеп киімдерін, аяқ киімдерін және мектепке қажетті кеңсе тауарларын сатып алу үшін көмек көрсетіледі. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың немесе кәмелетке толған білім алушының өтінішіне сәйкес ақшалай жүзеге асырылады. Материалдық көмек алушы өтініш жазып, несиелік қарызы жоқ және  бұғатталмаған банктік карточканың 20 таңбалы нөмірін ұсынады. Немесе материалдық көмекті аудару үшін банкте арнайы шот ашуы қажет, - деді басшы.

Бүгінгі таңда материалдық көмек көлемі бір балаға шаққанда 40 мың теңгені құрайды.

Биыл 16 720 білім алушыны қамту жоспарлануда. Бүгінгі күні  елордамыздағы мектептерден  8 мыңнан аса  баланы қамтитын өтініштер түсті. Жұмыс әлі жалғасып жатыр.       Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын міндетті түрде құжаттамалық растаумен (түбіртек, чектер, фото) оларды сатып алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына тапсыру керек, - деді Қ.Сенғазыев  

Төмендегі санаттағы оқушыларға көмек көрсетіледі:

- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

- атаулы әлеуметтік көмек  алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;

- отбасыларда тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;

- басқа санаттар (қиын  жағдайға тап болған отбасылар, оның ішінде мүгедек балалары бар). 

 

 

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары