Elorda.info

Елордада спидкубингтен Азия чемпионаты өтеді

Елімізде алғаш рет спидкубингтен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада спидкубингтен Азия чемпионаты өтеді

Бұл спорт түрінен Азия чемпионаты 2 жылда бір өтеді. Жарысты өткізетін ел байқау арқылы анықталады.

Биыл спидкубингтен Азия чемпионатын өткізу құрметі Орталық Азия елдері арасында алғаш Қазақстанға бұйырып тұр. Сондай-ақ, аталған спорттық бәсеке ТМД елдері арасында да тұңғыш рет өтпек.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат аясында рубик текшесін (кубик рубик) құрастырушы шеберлер әлемге танымал жерлестеріміз әнші Димаш Құдайберген мен боксшы Геннадий Головкиннің кескінін құрастырып шығады.

Елордада өтетін спидкубинг чемпоинаты 11-14 тамыз аралығында өтеді. Чемпионатқа 13 елден 18-20 жас аралығындағы 116 спортшы қатыспақ. Үміткерлер 17 тәртіп бойынша сайысқа түседі. Сынақ классикалық түрден бастау алып, кезең сайын қиындай түседі. Сайыстың жалпы жүлде қоры 9 мың АҚШ долларын құрайды.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары