×
10.08.2022, 17:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық өрт сөндірушілер сауда ойын-сауық орталығында оқу-жаттығу өткізді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығының өртке қарсы қызметімен бірлесіп, толық көлемде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық өрт сөндірушілер сауда ойын-сауық орталығында оқу-жаттығу өткізді

Оқу-жаттығу барысында имитацияланған өртті жою және адамдар мен мүлікті қауіпсіз эвакуациялау бойынша өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен сауда ойын-сауық орталығының жеке құрамының өзара іс-қимылы тексерілді.

Жаттығу сценарийі бойынша СОСО-ның екінші қабатында орналасқан бутиктердің бірінде өрт шығып, одан әрі іргелес бутикке тараған. Сценарий бойынша СОСО қызметкерлері өртті анықтап, өрт сөндіру қызметіне хабар беріп, ғимараттан адамдарды эвакуациялауға кіріскен. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен MEGA Silk Way СОО-ның өрт сөндіру қызметінің күштерімен өрт сәтті сөндірілді.  Оқу-жаттығуға  барлығы жеке құрамнан 35 адам және 10 техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – адамдарды эвакуациялау және адам көп жиналатын ғимараттағы өртті сөндіру әдістері мен тәсілдерін әзірлеу. Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында имитацияланған өртті жою және адамдарды ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау бойынша СОО тиісті қызметінің дайындығы тексерілді, сонымен қатар сауда орталығының техникалық жабдықтары мен ескерту жүйесі сынақтан өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері