×
10.08.2022, 08:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордадағы «Mega Silk Way» СОО-да ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтеді

10 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Mega Silk Way" СОО-дан адамдарды толық эвакуациялай отырып, ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордадағы «Mega Silk Way» СОО-да ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтеді
Фото: ашық дереккөз

Жаттығуға сауда-ойын-сауық орталығының келушілері, жалға алушылар, СОО әкімшілігі, қаланың шұғыл қызметтері қатысады. Негізгі іс-қимылдарды елордалық өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері арнайы техниканы тарта отырып, өрт сөндіру және адамдарды құтқару құралдарын пайдалана отырып жүргізеді.

Оқу-жаттығудың басталуы сағат 10.30-да, жиналу сағат 10.20-да Рысқұлов көшесі жағындағы тұрақта.

Мекенжайы: Қабанбай батыр даңғылы, 62.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері