×
07.08.2022, 15:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордадағы автобус парктерінің қызметкерлері марапатталды

Тамыздың бірінші жексенбісінде елімізде көлік қызметкерлері күні тойланады. Осыған орай елордадағы автобус парктерінің қызметкерлері бірқатар марапатқа ие болды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордадағы автобус парктерінің қызметкерлері марапатталды

Мерекеге орай елорданың қоғамдық көлігін дамытуға қосқан үлесі үшін қаладағы автобус парктерінің қызметкерлері алғыс хаттарымен, сондай-ақ төсбелгілерімен марапатталды. Олардың қатарында жүргізушілер, бақылаушылар, диспетчерлер, инженерлер және т. б.бар.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан алғыс хаттарды қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ержан Диханбаев пен «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Ғани Тәжиев табыс етті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері