×
06.08.2022, 19:38
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алтай Көлгінов Ұлы дала даңғылындағы көпір қашан ашылатынын айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында 8 тамызда Ұлы дала даңғылында орналасқан көпірде қозғалыс ашылатынын жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Алтай Көлгінов Ұлы дала даңғылындағы көпір қашан ашылатынын айтты

Дүйсенбі күні, яғни 8 тамызда Ұлы дала даңғылында орналасқан көпірде қозғалыс ашылады. Автомобиль көпірін салу бойынша негізгі жұмыс аяқталды, осылайша көпір үстінде қозғалыс орнайды.

Ал көпірді абаттандыру, оның ішінде тротуар бөлігі бойынша соңғы жұмыстар қатар жүретін болады.

Сондай-ақ А62 көшесінің (А91 көшесінен Нұр-Сұлтан-Қарағанды трассасына дейінгі аралық) құрылысы жүріп жатыр. Бұл көше Қарағанды трассасы мен «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жағалау бөлігі арасында көлік байланысын қамтамасыз етеді. Бұл маңайда қозғалысты алдағы күзде ашуды жоспарлап отырмыз. Аталмыш көше аудандарды жаңа көпірмен жалғауға мүмкіндік береді.

Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік ел даңғылындағы, А.Байтұрсынұлы, Р. Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova city ауданы мен «Мыңжылдық» аллеясындағы көлік ағынын сейілтуге мүмкіндік береді, бұған қоса жаңа «Нұрлы жол» вокзалы, Тельман және Промышленный елді мекендері, МЕТРО гипермаркеті ауданы, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі және т.б. арасында байланысты арттырады.

Есіл өзені арқылы өтетін, көлік қозғалысына арналған тағы бір көпір Тәуелсіздік даңғылында келесі жылы ашылады. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалын, Қошқарбаев даңғылын, Нәжімеденов көшесін, Әзірет Сұлтан мешітін, Байтұрсынұлы, Қордай, Айнакөл көшелерін, Момышұлы даңғылын елорданың сол жағалауымен қосымша байланыс орнатады, – деп жазды қала әкімі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері