Нұр-Сұлтан 18.5°
×
05.08.2022, 16:03
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Мәңгілік ел даңғылындағы екі учаске толығымен жабылады

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Мәңгілік ел даңғылындағы жол төсемін жөндеуді бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Мәңгілік ел даңғылындағы екі учаске толығымен жабылады
Фото: Василий Крась

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 5-8 тамыз аралығында Мәңгілік ел даңғылының Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылды.

Сонымен қатар, 8-12 тамыз аралығында Орынбор көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейінгі учаскеде даңғыл толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері