Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру қалалық конкурсы ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info.
Байқау 16 тамызда өтеді.
Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер және грантты беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларының 11-тармағында көрсетілген критерийлерге (рейтингтік көрсеткіштерге) сәйкес келетін конкурстық комиссияның қарауына материалдар «Гранттар конкурсы» деген белгісі бар конвертте 2022 жылғы 8-12 тамыз аралығында Білім басқармасының кеңсесіне тапсыру қажет.