Нұр-Сұлтан 20.8°
×
05.08.2022, 14:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеуге конкурс жарияланды

Елорданың Урбанистика орталығы Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенінің бойындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша конкурс жариялады. Оған қатысуға Қазақстанның сәулетшілері, ландшафтық дизайнерлері мен урбанистері шақырылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеуге конкурс жарияланды
фото: ашық дереккөз

Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті білдіретін табиғи-рекреациялық саябақ салу.

Эскиздік ұсыныстар 2022 жылдың 20 тамызына дейін centerofurbanism@gmail.com электрондық поштасы арқылы «конкурс» белгісімен қабылданады.

Жеңімпаз ақшалай сыйлықпен марапатталады. Жұмыстарды әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын талаптар мен концептуалды міндеттер байқаудың техникалық тапсырмасында көрсетілген, оларды @centerofurbanism Instagram-парақшасындағы профиль тақырыбындағы сілтеме бойынша жүктеуге болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері