Нұр-Сұлтан 22.1°
×
05.08.2022, 12:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордадағы спорт ғимараттары халықаралық талапқа сай – Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында елордада өтіп жатқан Азия чемпионаты жайында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордадағы спорт ғимараттары халықаралық талапқа сай – Көлгінов
Фото: Александр Куприенко

Бұл турнирге 4 күнде Азияның 19 елінен 200-ге жуық дзюдошы қатысады. Қаланың спорт ғимараттары халықаралық деңгейге сай келеді, бұл елордамызда жоғары дәрежелі ірі турнирлер өткізуге мүмкіндік жасайды.

Татамиге шығу – спортшылардың өздерін көрсететін мүмкіндік қана емес, бұл олардың күнделікті еңбегінің нәтижесі. Жарыс жолына шыққан әрбір сәт пен жеңістің артында күнделікті жаттығулар, шыдамдылық пен өзіне деген сенімділік бар. Спортшыларымызға сәттілік, жеңіс және жаңа жетістіктер тілеймін! Осылайша спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосып, салауатты өмір салтын насихаттап келесіздер. Сіздер біздің мақтанышымыз болып саналасыздар!

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, спорт мекемелері жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Себебі мұндай нысандар тек турнир өтетін күндері ғана жұмыс істеп қоймай, елорданың әрбір тұрғыны спортпен айналысуы үшін ашық болуы тиіс. Сол сияқты қаламызда таза ауада спортпен шұғылдануға болатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылып жатыр, – деп жазды қала әкімі. 


 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері