Нұр-Сұлтан 22.1°
×
05.08.2022, 09:27
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сарыарқа ауданында заңсыз қоқыс төккендерге айыппұл салынды

Жыл басынан бері Сарыарқа ауданында қоқыс тастауға рұқсат етілмеген 49 нүктеден 2 153 тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Сарыарқа ауданында заңсыз қоқыс төккендерге айыппұл салынды

Абаттандыру ережелерін бұзған 17 адамға, оның ішінде 4 заңды тұлғаға, жалпы сомасы 1 млн 144 мың теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды.

Күн сайын қоқыс тастауға рұқсат етілмеген жерлерді анықтау үшін ауданда мониторинг жүргіземіз. Бұл жұмысқа экологиялық полиция департаменті, сондай-ақ «Сергек» камералары, спутниктен түсірілген суреттер және iKomek-ке жүгінген тұрғындар көмектеседі, - деді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Нұржан Саренбаев.

Егер рұқсат етілмеген қоқыс полигондары орталықтан алыс жерлерде пайда болса, ірі габаритті қоқыс үйлердің аулаларында және тұрғын үй алаптарындағы көшелердің бойында лақтырылады. Мұндай қоқысты жедел жою және шығару үшін күн сайын екі ауысымда 494 адам және 155 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, ауданда орнатылған қоқыс контейнерлерінен қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару жоспарлы түрде жүргізіледі. 8 ай ішінде қоқыс полигонына 125 мың тоннадан астам ҚТҚ шығарылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері