×
02.08.2022, 15:53
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорданың тыл базасы 25 жылдық мерейтойын атап өтті

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында елордадағы ірі әскери құрылымдардың бірінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Елорданың тыл базасы 25 жылдық мерейтойын атап өтті
фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайтынан

Әскери қызметшілерді, азаматтық персоналды және ардагерлерді құттықтауға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов келді. Ол әскери бөлім қиын уақытта қалыптасқанын атап өтті.

Аз ғана уақыт ішінде  ірі әскери құрама құрылды. Атқаратын негізгі міндеті Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Батыс облыстарын тылдық қамтамасыз ету, әскерлерді толық және үздіксіз жабдықтау болды, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары. 

Генерал-майор Мұхамеджан Таласов полковник Александр Нагерняк, Марат Арсланбаев, Ғабит Тортаев және басқа да командирлердің әскери бөлімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.  

Олардың сауатты басқаруының, жолға қойылған жұмыс жүйесі мен шеберлігінің арқасында әскери бөлімнің жеке құрамы тіпті ең күрделі кезеңдерде де қойылған міндеттерді орындап шықты. 

Бүгінде әскери құраманы полковник Мейірхат Оғызбаев басқарып отыр. Оның басшылығымен әскери база жауынгерлік даярлық іс-шараларына, республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға қатысады, әскерлердің ұдайы жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етеді. 

Салтанатты шара соңы ардагерлерге естеліктер мен сыйлықтар, әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлерге грамоталар мен алғыс хаттар табыс етумен аяқталды.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері